1970-інші жылдың жаз айы.Тамдының басында Сырға деген кемпір қайтыс болып,жаназасына жиналған халық көп. Жаз айы, күн ыстық.Халық жаназаның уақытын күтіп тұрған.Шалдар көп,ішінде Сәрсенбай-ұлы Жүніс ақсақал да бар. "Намазға дейін әлі біоаз уақыт бар екен,менің шашымды алып беретін,бір мұсылман бар ма екен-деп Жүніс ақсақал көпке қарап." Көп адамдардың ішінен қосбармақ балқы Сарқұлов Молдаш деген кісі:-мен алып беремін шашыңды,жібіте бер деп,қалтасынан бәкісін алып тақтап жатты.Мен Жөкеңнің басына су құйып тұрдым, шашын өзі жібітті. Молдаш аға шашын бәкісімен қырып ала бастады.Алып жатып бір-екі жерін кесіп алды,басы қызыл қан болды. Жүніс ақсақал үндеместен отыр, бірақ көріп отырған шалдарға сөз керек. Жөкеңді қайрап жатыр,бұл адам сізді қолға түсіре алмай жүрген екен ғой, басыңызды мүжіп жатыр.Жөке қалай шыдап отырсыз,-деп шалдар сөзбен Жүніс ақсақалға қарайды ғой.Бұл шалдардың не талап етіп отырғанын Жөкеңде сезіп отырғаны белгілі.Жөкең балқыға күйеу.Шашын алдырып болған Жүніс ақсақал орнынан тұрып ,басын сипалап тұрған күйде:- Молдаш жүр осы жерде,көзді қысып, Өзім де отырмадым көтті қысып. Ақ көңіл аңқылдаған адам едім, Қолына абайсызда қалдым түсіп. Алыстат менен араңды Көрсетпе маған қараңды. Шляпамды алып бер, Басып тұрсын жарамды-деп шляпасын киіп жатты.Отырған көпшілік күлкіге қарық боп қалды-деді ағамыз Әмірхан Шоқаев. Әмірхан ағаның өз аузынан есітіп жазып алған едім. Оспан Әбдімұратұлы Кадиров.

Теги других блогов: жаназа кемпір Сырға