С Ө З Дұрыс сөйлей білу - өмірде жетістікке жетудің ең қысқа жолы. Дейл Карнеги Сөз - әлі іс емес. Ең әдемі сөз - жүректен шыққан сөз. Көп сөйлейтіндер бар, олар ештеңе білмейді. Себебі көп білетін адам ештеңе айтпайды. Сіз туралы өсек сөз тараған болса, қуаныңыз. Өйткені сіз – тұлғасыз. Жаманды ешкім де аузына алмайды. Тек жақсыларға ғана көреалмаушылық танытып, сыртынан өсектейді. "Мен әзілдедім" — деген сөздің астарында үнемі бір шындық жатады. "Мен білмеймін" — деген әр сөздің астарында бір білім жатады. "Маған бәрібір" — деген әр сөздің астарында жан толғанысы жатады. "Бәрі жақсы" — деген әр сөздің астарында бір мұң жатады. Өсиетке терең бол, Өсек сөзге керең бол. Тіл – біреу, құлақ – екеу. Себебі көп тыңдап, сөзді шығармай сақтасын деп берілген. Ойланбай сөйлеген — оңай, тіліңді тартып қалу — қиын. Көздер сөйлей алады. Қуаныштан күле де, жылай да алады. Көздермен естен адастыруға да, жылата да аласың. Сөздермен алдауға болады, бірақ көзбен алдау мүмкін емес. Адамның көздерінде тылсым күш жатыр. Омар Хайям Жаман қызметін асырып сөйлейді, Жақсы қызметін жасырып сөйлейді. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Ақылды болғың келсе, парасатты сұрақ қоюды, мұқият тыңдауды, сабырмен жауап беруді және айтар ештеңең болмағанда сөйлеуді доғаруды үйрен. Бір сөз сенің шешіміңді өзгертуі мүмкін. Бір сезім сенің өміріңді өзгертуі мүмкін. Бір адам сені өзгертуі мүмкін. Сөз - кілт секілді. Ретін тауып, кез келген жүректің құлпын ашуға және кез келген ауызды жабуға болады. Бір сөзді айтардан бұрын, ойланып ал. Аузыңнан шыққан сөзге жауап беретін боласың. "Кейін көре жатармыз" деген сөз - арманыңды қара жердің құшағына тапсыратын аса қатерлі ауру. Тимоти Феррис Адамның сөзі әрекетімен ұқсас болса, адамды құрметтеуге болады. Оскар Уайльд Уақыт өтеді, бірақ айтылған сөз жүректе қалады. @ Лев Толстой Кейде үнсіздік – мықты жауап. Құрастырған: доцент Қайрат Жәлелұлы