ҮЗЕҢГІ Анамның сандығында жібекке оралған жай бір темір үзеңгі жататын. Ырым-тиым атаулыға аса мән бере қоймайтын тік мінезді анам қыз кезінде кедей жігіттің етегінен ұстап, туып өскен шаңырағынан жыраққа кеткенде өңірдегі маңдай алды байлардың бірі саналған әке қазынасынан бөліп алғаны осы үзеңгі ғана екен. Алыс сапарға аттанатын адамның үзеңгісіне сүт тамызатын дәстүрдің қашан пайда болғанын білмеймін. Әйтеуір, ат жалын тартып мінген кезімде аяғымды үзеңгіге салғанымда сол үзеңгі мені лып еткізе көтеріп ат үстінде қондырғаны есімде. Кейін оқу-білімге ден қойғанымда санында найзадан алған жарақаты бар Спартактың жайдак атпен шауып бара жатқан суретін көрдім. Кейін Ескендір Зұлқарнайдың Орталық Азияны үзеңгісіз атпен аралағанын оқығанда таң қалғаным бар. Кейін пайымдасам, ежелгі дала көшпенділері ат жалында құйғытып жүріп-ақ, өздеріне қолайлы ғылыми жаңалық - үзеңгіні ойлап тапқан зерделі жетістігіне қазіргі өркениет ошағы саналатын Батыс әлемі тым кеш жеткен екен ғой. (Ж.Лхагва айтқан әңгіме).Қуандық Шамахайұлының парақшасынан

Теги других блогов: үзеңгі темір Куандық Шамахайұлы