Фб-да көзім шалып қалды. Сіздер де біле жүріңіздер. Біз - осындай халықтың ұрпағымыз! ... Ауылда Қыз Жібек киносын көріп отырғанда бір ақсақал айқай салып, қазақ еш уақытта бір атқан жебені өлі денеден суырып қайта атпаған мынау не сұмдық, деп айқай салғанын оқып осы оқиға ойыма түсіп, соны сіздерге ұсындым... Көшпенділер киносының шыққан уақыты, іздеп жүріп, киноны тауып үйге алып келіп отбасымызбен көрдік... Жарнамасына әбден қанықпыз... Сондан тапжылмай отырып, бір деммен көріп алдық керемет бәрі әдемі, анау әне жерін, мынау мына жерін айтып, әйда қырғын талқылау жүрді. Ал, әкемде үн жоқ... Ау сіз не дейсіз..дейміз. Отбасында негізі соңғы сөзі әкеміз айтып, нүктесін қояды. Бәріміз сол кісі не айтса да, болды тоқтаймыз, өйткені ол кісі бәрін талдап, санаңа құйып жібергенде, ойың бірден басқа арнаға бұрылып, өздігіңнен мақұлдайсын.... Содан әкем былай деді : "Кенесарыханды тарихтан білесіңдер ұлттың азаттығы үшін, орыспен сыйыспай неше жыл зеңбірекке қылышпен қарсы шапқа Ер... "Бәріміздің ынта жігеріміз сол кісіде , ал деп қоямыз" Міне сол Ханымыздың Табын Бұхарбай деген батыры болған, жәй көп батырдың бірі емес Наурызбай, Ағыбайлармен бір деңгейде тұрған. Сол баһадүр атамыз, соғыс бітіп, өкінішке орай, Ханнан айырылып, азат жолда жүрген ұлт ұраншылары талқандалған соң елге келіп, өле-өлгенше қызмет еткен... Міне сол Бұхарбай батырдан сұрайды екен, жұрт Батыреке Хан -төрелермен көп жүрдіңіз осы төре төре дейді төреде не қасиет бар екен, дейді ғой баяғы. Сонда Батыр атамыздың айтқаны... "Бірде Ханекемнің айтуымен Наурызбай бас болып бір соғысқа кірдік. Жан алысып, жан беріп жатқан қырғын шайқас. Күш бірдей емес дұшпан сан жағынан басым. Жан жақа қарауға еш мұршат жоқ, сәлден кейін Наурызбайдың бойы көрінбей қалды, дұшпанда сол жаққа шоғырланып қалыпты, содан солай қарай атты тебініп жіберіп көмекке ұмтылдым, барсам аты жараланып, жаяу ұрыс салып жатыр екен. Жанына жақындап мінгес дегендей ыңғай білдірдім. Ал, ол болса ары қарай қашып, жауды тықсырып барады. Мен енді жазым болама деп жанымды салып, барам, ол әрі қарай қашады. Ой мынаған не болды, деп тұрғанда, сонда барып есіме түсіп, ерді босатып, артына отырып едім,Төрем ерге қарғып мінді да, оңды солды жарып, аман есен шықтық ау. Сонда деймда, осынша өлім мен өмір арпалысып жатқанда да Төрелігі қысып, қараның артына мініп қашты дегенді қор санап тұр ғой жарықтық, міне арым жанымның садақасы деген. Осындай еді ғой қасиетіңнен айналайын Төрелерім деп, көзіне жас алған екен Батыр атамыз, деп әңгімесін аяқтады әкеміз... Ал, мына кинода Абылай тұтқыннан қатынның артына мініп қашты, не деген масқара. Абылайдың ұрпағы қараның артына мінуді қор санап тұрғанда, атасы Абылай қатынның артына мініп қашты деу, бұл енді қазақты қорлау демесі бар ма... Содан екпіннің бәрі су сепкендей басылып, "е, е, е ", дестікте қалдық... Содан кейін осы киноға іш жылымай қойды...

Теги других блогов: Қазақстан Кино Отбасы