Екі таныс жайлы әңгіме Сөзбен де, іспен де таныс екі көрші жігіт алыс елдерді сапарламақ болып жолға шығады. Олардың бірі ақылды, Мүкбіл есімді жігіт болатын, ал екіншісі Мұдбір, жолы болмағыш пенде еді. Олардың мінездері мен жүріс-тұрыстары есімдерімен тығыз байланыста еді, себебі "Мүкбіл" деген сөз "жақсы ниетті" дегенді, ал "Мұдбір" болса "пасық ниетті" дегенді білдіретін. Ұзақ сапарда олар өз ниеттеріне қарай жүріп отырды: мысалы Мүкбіл үнемі әулиелер жайлы, иман жайлы, Құдай жайлы және де сондай жоғары рухани әңгімелер айтатын. Ал Мұдбір болса қайдағы жоқ қарақшылар мен ұрлық, тонау секілді әңгімелерге құмар еді. Олар осындай әңгімемен келіп бір қалаға келіп кірді. Әркім өз пиғылдарына қарай кәсіп табылар деп ойлады. Мүкбіл бірден әулие, ғұламалар отыратын орынды іздеп, шаһар адамдары оның түпкі мақсатын білген соң, оны қала әкіміне мақтап жеткізіп, ол оны құрметпен қабылдап, жақсылап күтіп, сый-сияпат жасап жіберді. Мұдбір болса қалаға кірісімен шарапханаға барып ішкілікке тойып, мас болды. Оған сол жердегі бір мас адам жамандап тіл тигізіп еді, ашуланған ол оны пышақтады. Оны жандаралдар ұстап, кісендеп, қала әкімінің алдына алып келді. Оның кісі өлтіргенін естіген әкім оны өлім жазасына кесті. Осылайша адам тағдырын оның өз ниет-пейілі анықтайды. (Жүрсін Кəрім)

Теги других блогов: әңгіме жігіт таныс